12 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Тау-кен технологиялық колледжінде «Ел ерлерін білесің бе?» тақырыбында тарихи викторина өтті. Іс-шара студенттердің Отан тарихы туралы білімдерін кеңейтуге, патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға және Қазақстанның көрнекті тұлғаларының ерліктеріне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
Викторинаға келесі оқу топтарының студенттері қатысты:
ЭС-25 (1 курс);
ЭС-23 (3 курс).
Іс-шараны ұйымдастырушылар:
ЭС-25 тобының сынып жетекшісі — Сұлтанова Қарлығаш Төлегеновна;
ЭС-23 тобының өндірістік оқыту шебері — Қаукина Римма Тельгаровна.
Қатысушылар үш команда құрамында сынға түсті:
«Алтын Орда»
«Жас Сарбаздар»
«Ұлы Жібек Жолы»
Викторина барысында студенттер хандар, батырлар, Ұлы Отан соғысының батырлары, мәдениет және қазіргі заман қайраткерлері туралы сұрақтарға жауап бере отырып, Қазақстан тарихынан терең білімдерін көрсетті. Сұрақтар Абылай хан, Кенесары хан, Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Рақымжан Қошқарбаев және басқа да көптеген біртуар тұлғалардың өмір жолы мен ерліктерін қамтыды.
Іс-шара жоғары деңгейдегі бәсекелестік, командалық рух және ел тарихына деген шынайы мақтаныш сезімі аясында өтті. Студентер жоғары эрудиция, белсенділік пен қызығушылық танытты.
Викторина қорытындысы:
1-орын — «Алтын Орда» командасы
2-орын — «Ұлы Жібек Жолы» командасы
3-орын — «Жас Сарбаздар» командасы
Мұндай іс-шараларды өткізу патриотизмді тәрбиелеуде, ұлттық тарихқа құрметпен қарауды қалыптастыруда және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне деген мақтаныш сезімін нығайтуда маңызды рөл атқарады.