Басты бет / Жатақхана
Жатақхана
- Жалпы ақпарат
КГКП «Рудный тау-кен-технологиялық колледжі» жатақханасы
Жатақхана түрі: студенттік, аралас
Қабат саны: 5
Жалпы орын саны: 126
Орналасуы (колледжден қашықтығы, карта): колледж аумағында орналасқан.
- Тіркеу және қоныстандыру тәртібі
Кімдер қоныстана алады (1 курс, әлеуметтік санаттар, басқа қаладан келгендер):
Жатақхана уақытша тұру үшін арналған:
- Колледждің күндізгі бөлімінде оқитын, Рудный қаласында баспанасы жоқ студенттерге;
- Басқа білім беру ұйымдарының студенттеріне;
- Бос орын болған жағдайда уақытша тұруға мұқтаж колледж қызметкерлеріне.
Қажетті құжаттар тізімі
Жатақханаға қоныстандыру төмендегі негіздер бойынша жүргізіледі:
- белгіленген нысандағы өтініш (Қосымша 1);
- орын бөлу жөніндегі комиссия шешімі;
- Колледж директорының бұйрығы.
Өтініш колледж басшысының атына, белгіленген үлгіде жазылады.
Өтініш тапсыру мерзімі: белгіленбеген.
Берудің тәсілі (онлайн/офлайн):
- Колледжге жеке келіп;
- «Azamat» ақпараттық жүйесі арқылы;
- Электрондық үкімет порталы eGov арқылы.
Орын бөлу алгоритмі (балл, кезек, жеңілдіктер): белгіленбеген.
- Тұру шарттары
- Бөлмедегі орын саны: 2 және 3 орындық бөлмелер
- Жиһаз: кереуеттер, шкафтар, үстелдер, орындықтар — бар
- Интернет (Wi-Fi): жоқ
- Ас үй: әр қабатта 1 дана (4 конфоркасы бар 2 электр плита)
- Кір жуу: әр қабаттағы тұрмыстық бөлмеде автоматты кір жуғыш машина
- Оқу бөлмесі: әр қабатта бар (үстелдер және орындықтармен жабдықталған)
- Душ және санитарлық тораптар:
- 1-қабатта ерлер және әйелдер душ бөлмесі
- Әр қабатта 2 санитарлық торап
- Қауіпсіздік
Күзет
- Тәуліктік күзет: күндіз — вахтер, түнде — қарауыл.
Бейнебақылау жүйесі
- 1-қабат: фойеде 1 камера, дәлізде 2 камера
- Әр қабатта дәлізде 2 камера
- Әр ас үйде 1 камера
- Саты алаңында 5 камера
- Сыртқы аумақта 6 камера
Кіру-шығу режимі
Студенттерге жатақханаға кіру/шығу үшін жеке рұқсатнама дайындалады.
Қажетті құжаттар:
- жеке куәлік
- белгіленген үлгідегі фото
Рұқсатнама жеке құжат болып табылады және қажет болған жағдайда дежурныйға көрсетілуі тиіс.
Жоғалған жағдайда студент дереу әкімшілікке хабарлап, дубликат рәсімдеуі қажет.
Бөтен адамдарға кіруге тыйым салынады, тек ата-аналарға жатақхана меңгерушісі немесе тәрбиеші рұқсатымен кіруге болады.
Өрт қауіпсіздігі
Жатақхана қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.
- Тұру ережелері
Тыныштық уақыты
- 1 қазан – 30 сәуір: 22:00
- 1 мамыр – 30 қыркүйек: 23:00
Қонақ қабылдау тәртібі
Бөтен адамдарға кіруге тыйым салынады.
Ата-аналарға жатақхана меңгерушісі немесе тәрбиешінің рұқсатымен 08:00–20:00 аралығында кіруге болады.
Студенттердің құқықтары
Студент жатақханада:
- оқу және мәдени-тұрмыстық бөлмелерді, құрал-жабдықтарды пайдалануына;
- тұрмыстық жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар беруге, бос уақытты ұйымдастыруға қатысуға;
- жабдықтардың уақытылы жөнделуін немесе ауыстырылуын талап етуге құқылы.
Студенттердің міндеттері
Студенттер міндетті:
- бөлмелерде, дәліздерде, ортақ аумақтарда санитарлық нормаларды сақтау;
- төсек-орынды ластануына қарай, бірақ кемінде 7 күнде 1 рет ауыстыру;
- күнделікті бөлмені жинау;
- техникалық жағдайды тексеру үшін жатақхана қызметкерлерін бөлмеге кіргізу;
- заттардың сақталуын қамтамасыз ету;
- бүлінген мүлікті өтеу;
- 3 күн ішінде бөлме/блок кілтінің дубликатын жасатып, қосымша кілтті әкімшілікке тапсыру;
- қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау;
- электр энергиясы мен суды үнемдеу;
- келісімшартқа сәйкес төлем жасау;
- қызметкерлер мен оқытушыларға құрметпен қарау;
- түнгі уақытта (22:00–09:00) тыныштықты сақтау;
- сырқаттанған жағдайда медпунктке және әкімшілікке хабарлау;
- тек арнайы бөлінген ас бөлмелерінде тамақ дайындау;
- өзін-өзі қызмет ету жұмыстарына қатысу;
- ата-аналар келгенде олардың жеке куәліктерін көрсету;
- жеке заттарының сақталуын өзі қамтамасыз ету;
- бөлме немесе жатақхана ауыстыру туралы талап түскенде көшу.
Тыйым салынады
- өз бетімен бөлме ауыстыруға
- жиһазды рұқсатсыз тасуға
- электр желісін жөндеуге, құлыптарды рұқсатсыз ауыстыруға
- қосымша электр құрылғыларын орнатуға
- бөлме қабырғаларын рұқсатсыз сәндеуге
- есірткі, алкоголь қолдануға және мас күйде жүруге
- темекі өнімдерін, электронды сигареттерді пайдалануға
- жанғыш материалдар, қару-жарақ, пиротехника сақтауға
- қоқысты терезеден лақтыруға
- үй жануарларын ұстауға
Шығару тәртібі
Студент төмендегі жағдайларда шығарылады:
- оқуын немесе еңбек шартын аяқтағанда
- өз өтініші бойынша
- ішкі тәртіп, санитарлық және өрт талаптарын бұзғанда
- төлем қарызы болғанда
- колледждің басқа нормативтік актілерінде қарастырылған жағдайларда
Шығарылмас бұрын студент:
- орнын таза күйде тапсыруға
- алынған мүлікті қайтаруға
- жатақхана меңгерушісінің тексеруінен өтуге міндетті
Комиссия шешімі негізінде директордың бұйрығы шығарылады.
- Инфрақұрылым және қосымша мүмкіндіктер
- Спортзал: тренажер залы
- Оқу бөлмелері: 2
- Демалыс аймағы: 1-қабаттағы акт залы
- Асхана/буфет: жоқ
- Жиһаз және техника жағдайы: қанағаттанарлық
- Тұрғындарға арналған іс-шаралар: тәрбие жоспарына сәйкес
- Жатақхана қызметкерлері
- Жатақхана меңгерушісі – 1
- Тәрбиешілер – 1
- Комендант – 1
Байланыс телефоны және қабылдау уақыты:
08:00–17:00
Жұмыс телефоны: 8 71431 7 53 96