Қамқоршылық кеңес

Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі (бұдан әрі-Қамқоршылық кеңес) білім беру ұйымын алқалы басқару нысандарының бірі болып табылады.

Қамқоршылық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, ережелерін, 
сондай-ақ білім беру ұйымының Жарғысын 
басшылыққа алуға тиіс. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен,
 ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мекемелермен 
және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды. Ережеге сәйкес, Қамқоршылық кеңес 
құрылтайшының және осы білім беру ұйымында білім алушылардың ата-аналарының 
бастамасы бойынша жалпы жиналыста құрылуы мүмкін. Қамқоршылық кеңестің құрамына: 
Қамқоршылық   кеңес құрылатын білім беру ұйымының басшысы; өзге де білім беру
ұйымдарының,  басқару органдарының өкілдері; жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер; 
қоғамдық ұйымдардың, қорлардың, қауымдастықтардың өкілдері; демеушілер кіруі мүмкін. 
Қамқоршылық кеңестің құрамы үш жыл мерзімге сайланады. Қажет болған жағдайда 
жалпы жиналыстың шешімімен оның құрамына жекелеген өзгерістер енгізілуі мүмкін

Қамқоршылық кеңес қызметінің мақсаттары: білім беру ұйымына оның жарғылық 
функцияларын жүзеге асыруға жәрдемдесу; білім беру оқу бағдарламаларын табысты 
іске асыру мақсатында білім беру ұйымының білім алушылары мен педагогикалық ұжымы 
үшін қажетті жағдайлар жасау; білім беру ұйымын қаржылық қолдауды қамтамасыз ету,
 материалдық-техникалық базасын нығайту; білім беру ұйымын одан әрі дамытуға
 жәрдемдесу болып табылады.
Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары

2024жыл

  • 2024жылғы 28 ақпандағы №1 КС отырысының хаттамасы