Комментарийға жауап беру

КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖӘНЕ ОНЫ КОЛЛЕДЖДЕ СҮЙЕМЕЛДЕУ.

2024 жылдың 30 сәуірінде Рудный тау-кен- технологиялық колледжінде «Колледждің кәсіптік бағдар беру жұмысын психологиялық және ақпараттық сүйемелдеудің қызметі» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті. Дәл осы мәселеге көп көңіл бөлінеді, өйткені мектептің басым міндеттерінің бірі түлектерді саналы кәсіби таңдауға дайындау болып табылады. Кәсіптік бағдар беру – бұл күрделі ұғым, оған мыналар кіреді: кәсіби бағдар және кеңес беру, жүйелілік пен сабақтастық, сондай-ақ бүкіл ұжымның - команда болып қатысуы. Осы мәселелердің барлығы педагогикалық кеңесте қозғалды.

Табысты кәсіптік бағдар беру және оның кезеңдері туралы директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасары Т.И. Дозорцева айтып берді.  Кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде «Азамат» жүйесін енгізу қорытындыларымен ө/о шебері Е.В. Карпенко бөлісті. Қабылдау кезеңінде талапкерлердің әртүрлі санаттарымен жұмыс істеудегі тәжірибесі туралы ө/о шебері А.Ж. Алтыбаева айтып берді. Кәсіптік бағдар беру кезеңінде ата-аналармен жеке жұмыстың ерекшеліктерімен ө/о шебері Д.А. Жалелов бөлісті.

Нәтижесінде биылғы жылы кәсіптік бағдар беру жұмысының сапасына әсер ететін сындарлы шешімдер қабылданды.

No votes yet

Жауап беру