- Администрация
- Нормативтік - құқықтық база
- Әкімшілік
- Оқу жұмысы
- Оқу-өндірістік жұмысы
- Тәрбиелік жұмыс
- Ғылыми-әдістемелік жұмыс
- Виртуалды әдістемелік қызмет
- Сыбайлас жемқорлық - жоқ!
- WorldSkills
- "Start-up" жоба
- Мемлекеттік қызметтер
- Мемлекеттік білім беру тапсырысы
- Мемлекеттік сатып алулар
- Өнеркәсіптік кеңес
- Қамқоршылық кеңес
- Кәсіптік бағдар жұмысы
- Өзін-өзі бағалау
Комментарийға жауап беру
Қамқоршылық кеңес
Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі (бұдан әрі-Қамқоршылық кеңес) білім беру ұйымын алқалы басқару нысандарының бірі болып табылады.
Қамқоршылық кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, ережелерін, сондай-ақ білім беру ұйымының Жарғысын басшылыққа алуға тиіс. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мекемелермен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды. Ережеге сәйкес, Қамқоршылық кеңес құрылтайшының және осы білім беру ұйымында білім алушылардың ата-аналарының бастамасы бойынша жалпы жиналыста құрылуы мүмкін. Қамқоршылық кеңестің құрамына: Қамқоршылық кеңес құрылатын білім беру ұйымының басшысы; өзге де білім беру ұйымдарының, басқару органдарының өкілдері; жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер; қоғамдық ұйымдардың, қорлардың, қауымдастықтардың өкілдері; демеушілер кіруі мүмкін. Қамқоршылық кеңестің құрамы үш жыл мерзімге сайланады. Қажет болған жағдайда жалпы жиналыстың шешімімен оның құрамына жекелеген өзгерістер енгізілуі мүмкін Қамқоршылық кеңес қызметінің мақсаттары: білім беру ұйымына оның жарғылық функцияларын жүзеге асыруға жәрдемдесу; білім беру оқу бағдарламаларын табысты іске асыру мақсатында білім беру ұйымының білім алушылары мен педагогикалық ұжымы үшін қажетті жағдайлар жасау; білім беру ұйымын қаржылық қолдауды қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базасын нығайту; білім беру ұйымын одан әрі дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары
2024жыл
-
2024жылғы 28 ақпандағы №1 КС отырысының хаттамасы
- Жаңа пікірді жазу
- 4412 reads