Колледж шеберлерінің кеңесі

Колледж шеберлерінің кеңесі
 
  Озық педагогикалық тәжірибені, заманауи өндірістік технологияларды ұйымдастыру және енгізу, өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында колледжде өндірістік оқыту шеберлерінің қоғамдық басқару органы болып табылатын шеберлер кеңесі құрылды және белсенді жұмыс істейді.
 
Шеберлер Кеңесінің негізгі мақсаттары::
 
Оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша оң тәжірибені тарату
 
Өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілік деңгейін арттыру
 
Өндірістік оқыту жүйесін жетілдіру
 
Жас мамандарға жұмысшы кадрларды дайындауда көмек көрсету
 
  Кеңес жоғары санатты өндірістік оқыту шеберлерінің құрамынан сайланады. Проблемаларды неғұрлым толық және жан-жақты талқылау үшін кеңес отырысына әкімшілік , қоғамдық және құқық қорғау органдарының өкілдері, кәсіпорындардың басшы қызметкерлері шақырылады .
 
Кеңес көптеген міндеттерді шешеді:
 
Өндірістік оқыту шеберлерінің оқу-тәрбие иметодикалық жұмысының жай-күйін зерделейді және Кеңес қабылдаған шешімдер мен ұсыныстардың орындалуын тексереді;
 
Өндірістік оқытуға инновациялық білім беру технологияларын енгізу бойынша жұмыс істейді;
 
 Өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілік деңгейін арттыру мақсатында семинарлар, педагогикалық оқулар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырады;
 
 Кәсіпорындармен байланысты нығайтумен, оқушылардың өндірістік дайындығын ұйымдастырумен айналысады;
 
Кеңестің жұмысына аға шебер басшылық етеді.